Құрметті достар! Интернет жүйесін пайдаланушы, азаматтар!
Сіздермен интернет желісі арқылы байланысқа шығу мүмкіндігі туып отыр. Мұның өзі екі жақты қуаныш, әрі баршамызға тиімді, пайдалы болар деп ойлаймыз. Еңбекшіқазақ ауданының әлемдік ақпараттық жүйеге қосылуы аудан туралы, ауданымыздың азматтары мен тыныс – тіршілігі жайлы Сіздердің жан-жақты хабардар болуларыңызға жол ашары анық.

Ақпарат алмасудың замануи түріне көшу-Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі мемлекеттік басқару органдарымен жылдам, әрі тығыз байланыс жасауды қамтамасыз етіп қана қоймайды. Көпшіліктің, әлеуметтік топтардың, қоғамдық ұйымдардың жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданған нормативтік құқықтық актілермен уақытылы танусыларына, қоғамымызда, ауданымызда болып жатқан тың жаңалық, соны оқиға, жақсы бастамалар туралы өз пікір ұсыныстарын білдіруге жағдай жассайды. Мұның өзі халық пен атқарушы органдар арасындағы байланысты жақсартады, егемен еліміздің өркендеуі жолындағы ортақ істе өз көмегін тигізеді деп сенеміз.
Мүмкіндігіне қарай сайтымыздағы ақпарат тұрақты жаңаланып, толықтырылып отыратын болады. Сіздерден хат-хабар күтеміз.
Ізгі ниетпен, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлы

Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2011 жыл
Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты.
Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті.
Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 процентке өсті.
Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
Дата размещения:
2011-10-17
Размер:
45.66KB
Загрузок:
10
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2011 жыл
Слова написали:
Жумекен Нажимеденов
Нурсултан Назарбаев
Музыку написал:
Шамши Калдаяков

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.
Жаналықтар
Құрметті кәсіпкерлер!
Алматы облысының прокуратурасы жанынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөнінде топ жұмыс атқарады. Бақылаушы органдар тарапынан заң бұзушылықтар болған жағдайда мына сенім телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз: 8 (7282) 27-33-15, 27-38-10, 27-18-51, 8-701-555-25-97, 8-701-757-36-72 немесе электрондық мекен-жайға: «www.pravstat.kz», «alm-otd-kane@prokuror.kz», «http:blog.alm.prokuror.kz».
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн шеңберінде ашылған балабақшалар.
2011 жылдың 08 желтоқсанында ауданның 4 елді мекенінде атап айтқанда, Қорам ауылында 140 орынға арналған «Раушан» балабақшасы, Малыбай ауылында 140 орынға арналған «Алуа» балабақшасы, Қырбалтабай ауылында 100 орынға арналған «Тоқжан» балабақшасы, Қаракемер ауылында 120 орынға арналған «Аружан» балабақшалары ашылып, халық игілігіне берілді.
ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА !
2012 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс және Қазақстан Республикасы маслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.
2012-2013 жылдарға арналған жер салығы ставкаларының түзетулерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 387-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы




